jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Экс-шенеунік "Artsport" бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді

Кісен
Қол кісен. Көрнекі фото: vm/Getty Images

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК бұрынғы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram арнасында жарияланды.

"Тергеу деректері бойынша, күдікті 2021-2022 жылдары алдау арқылы жалпы сомасы 57 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған. Бұл қаражатты БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы "Artsport" бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру шарты шеңберінде балаларды оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерге "Ақжайық ФК" ЖШС-не бөлген", - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Ведомство өкілдері соттың санкциясымен күдікті қамауға алынғанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта қалған адамдардың қылмысқа қатысы тексерілуде және жымқырудың қосымша эпизодтарын анықтау жұмыстары жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Экс-шенеунік "Artsport" бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.