Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аида Балаева журналистің этика мәселесін шешу бойынша нақты шаралар ұсынды

Жарияланған күні:

Арман Сейітмамыт, Аида Балева
"Журналист этикасы" тақырыбындағы дөңгелек үстел. Фото: t.me/madenietaqparat

Астанада мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер мен депутаттардың, медиахолдинг басшылары мен медиакоммуникация мамандарының қатысуымен "Журналист этикасы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы этикалық нормаларға байланысты өзекті мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырды.

Аида Балаева өз сөзінде шынайы ақпарат беру мен оқиғаларды объективті жариялау жөніндегі ережелерді сақтау, журналистің әлеуметтік жауапкершілігі мен кәсіби адалдығы, жеке өмірі мен қадір-қасиетін, қоғамдық мүдделерді, жалпыға ортақ құндылықтар мен мәдениеттердің алуан түрлілігін құрметтеу жаңа әлемдік ақпараттық және коммуникациялық тәртіпті сақтауға және нығайтуға әсер ететінін атап өтті.

"Мойындау керек, бүгінгі журналистиканың мәртебесі оның қоғам және мемлекет алдындағы маңызы мен рөліне сәйкес келмейді. Ақпараттық контент жасап жүргендердің кейбірі этика принциптерін ұстанбайтын және кәсіби білімі жоқ адамдар. Олар резонанс туғызған оқиғаларды жариялауда хайпқа жол беріп, құпия ақпараттарды, жеке сипаттағы материалдарды көпшілік назарына ұсынып жатады. Сондықтан этика тақырыбы заманауи журналистиканың ең күрделі әрі талас туғызатын мәселелерінің бірі", – деп атап өтті Аида Балаева.

Медиа этика саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін министр жоғары оқу орындарында журналистер мен редакторлардың кәсіби этика негіздері мен қағидаттарын оқыту, тренингтер мен семинарлар өткізу жөніндегі жұмысты күшейтуді ұсынды.

"Қазақстан Республикасы журналисінің этикалық кодексі маңызды құрал болып қала береді. Құжат 2012 жылдан бастап күшіне енді және медиа саланың дамуы мен қоғамның сұраныстарына сәйкес қайта қарауды талап етеді", -делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061027-aida-balaeva-zurnalistin-etika-maselesin-sesu-boiynsa-naqty-saralar-usyndy/