Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аномальды аймақ": Қордайда бір күнде 30-дан астам адам шалшық суға құлаған (видео)

Опубликовано:

Адамдар құлаған жер
Адамдар құлаған жер. Видеодан кадр: КТК

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы Қордай ауылында "аномальды аймақ" деп көрссетіліп, ондаған адамның бір жерге құлап кеткені түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Видео Қордайдың адам көп жүретін көшелерінің біріндегі бейнебақылау камерасына түсірілген. Видеода адамдар айналып өтпек болғанмен, бірақ бірден оған құлап кеткен.

Бір күннің ішінде шамамен 30-дан астам адам шалшық суға құлаған. Ауыр жарақат алғандар болмаған.

Нөсерге арналған кәріз бітеліп қалғаны белгілі болды. Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, шағымнан кейін шенеуніктер жағдайды түзеп, суды тазалаған.

"Жағдай қардың бірден еруінен және дренаждық жүйенің бітелуінен туындады. Көбінесе дренаждық жүйенің бұзылуына жеке кәсіпкерлер жауап береді.

Қордай ауылдық округінің әкімдігі суды сорғыту жұмыстарын жүргізді. 2024 жылға Қордай ауылындағы Төле би көшесін абаттандыру және арық жүйесін жөндеу жұмыстары жоспарлануда", - деді Қордай ауылдық округінің әкімі Әділет Қаспақбаев.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061081-anomaldy-aimaq-qordaida-bir-kunde-30-dan-astam-adam-aryqqa-qulagan-video/

pixel