Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пойыз билеттері тағы қымбаттай ма: ҚТЖ басшысы жауап берді

Опубликовано:

жолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы. Көрнекі фото: gov.kz

Сенат кулуарында ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев теміржол тасымалы билеттерінің құны көтеріле ме деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Нұрлан Сауранбаев бұған дейін тарифтер көтерілгенін айтты. Оның айтуынша, бұл қаражат қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсалған.

Журналистер алдағы уақытта билет бағасы қаншаға өсетінін сұрады.

"Билет бағасын көтеру әзірде жоспарымызда жоқ", - деп қысқа қайырды ол.

Еске салайық, былтырғы қазанда теміржол көлігі қызметтерінің бағасы 10,5 пайызға қымбаттағаны белгілі болды.

Ол кезде "Жолаушылар тасымалы" АҚ ұлттық тасымалдаушы бұған дейін БАҚ-та теміржол билеттерінің қымбаттауы туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берген болатын.

"Әлеуметтік маңызы бар өңіраралық коммуникациялар үшін биылғы жылы бір рет – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап теміржол көлігімен жүру тарифі 7 пайызға көтерілді. Тарифті өзгерту жыл сайынғы баға лимитін көтеруді ескере отырып, Көлік министрлігімен келісілді", - деген болатын ҚТЖ.

KAZ.NUR.KZ тілшілері қазақстандықтарға орындар таусылып қалса да, пойыз билеттерін қалай сатып алуға болатынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061156-poiyz-biletteri-tagy-qymbattai-ma-qtz-bassysy-zauap-berdi/

pixel