Қазақстанда ақылы жол тарифтері көтеріледі
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанда ақылы жолдар тарифтері көтеріледі. Бұл жөнінде сенат кулуарында Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Көлік министрі Марат Қарабаев жеке адамдар оған тарифті екі-үш есеге көтеруді ұсынғанын атап өтті.
"Бірден айтайын мұндай жағдай болмайды, бірақ өсім күтілуі керек. Біздің мамандар жолдарды күтіп ұстауға және 1100 техника сатып алуға қанша қаражат қажет болатынын есептеуі керек. Әрине, мұның бәрі тарифке әсер етеді. Қорымыз қаншаға көбейетінін, шығындарымыздың қандай бөлігін жабатынын түсінген бойда мәлімдеме жариялаймыз", - деді ол.
Тарифтер қашан көтерілетініне келер болсақ, Қарабаев қазақстандықтарға ақылы жолдардағы тарифтер көтерілетіні туралы алдын ала хабарланатынын атап өтті.
Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланады, қоғам болып талқылау үшін 14 күн уақыт беріледі. Талқылау наурыз айында басталады.
"Әрине, тариф артуы жағына қарай өзгереді, 2013 жылдан бері ол өзгерген жоқ, өткен жылы ғана 20 пайызға өсті.
Біздің тарифтерімізді басқа елдермен салыстырыңыздар. Егер Қазақстанда ақылы жолмен жүру 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде 7 теңге тұрады (теңгеге аударғанда). Елде жақсы жолдар болуы үшін, оны күтіп ұстау маңызды. Бірақ оның салық төлеушілер есебінен жүргізілгенін ешкім қаламайды. Барлығы ақша "ҚазАвтоЖол" бюджетінен бөлінсе екен деп отыр. Онда жалғыз нұсқа – ақылы жолдар тарифтерін көтеру ғана", - деді ол.
Еске салайық, 2023 жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстанда ақылы жолдармен жүру бағасы 20 пайызға қымбаттауы керек екені мәлім болды.
Сол кезде Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев Қазақстан транзиттік хабқа айналып келе жатқанын, Өзбекстан мен Қытайдан Ресей федерациясына және басқа елдерге жүк тасымалының көлемі айтарлықтай өскенін, бұл жолдарға қосымша жүктеме түсіретінін айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061158-qazaqstanda-aqyly-zol-tarifteri-koteriledi/