Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4 топқа бөлінеді: Қазақстанда суды тұтыну деңгейіне қарай әртүрлі тариф енгізіледі

Опубликовано:

Шүмектен су тамшылып тұр
Су. Көрнекі фото: pexels.com

Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстанда суға енгізілетін сараланған тарифтер туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Суды үнемдеу мәдениетін арттыру және тұтынушыларды ресурс үнемдеуге ынталандыру үшін Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен тұтынушылар тобы үшін бір адамға шаққандағы тұтыну көлемінің белгіленген нормасы шегінде ауыз су қызметтеріне тұтыну көлемі бойынша саралау "халық" тетігі енгізіледі.

Бұйрық 11 ақпанда күшіне енді, бұл ретте өңірдің әрбір монополисінің өтініміне байланысты енгізілетін болады" , - делінген министр баяндамасында.

Бұл өзгеріс суды нормадан жоғары пайдаланатын тұтынушыларға қатысты.

Қазақстандықтар үшін суды тұтынудың төрт деңгейі мынадай болады:

  • I топ - айына 3 м³-ге дейін тұтыну, қолданыстағы тариф қолданылады (халықтың 49 пайзы тұтынады);
  • II топ - айына 3-тен 5 м³-ге дейін тұтыну, қолданыстағы тарифке 20 пайыз қосылады (халықтың 20 пайызы тұтынады);
  • III топ - айына 5 м³-ден 10 м³-ге дейін тұтыну, қолданыстағы тарифке 50 пайыз қосылады (халықтың 20 пайызы тұтынады);
  • IV топ - айына 10 м³-ден астам тұтыну, қолданыстағы тарифке 100 пайыз қосылады (халықтың 11 пайызы тұтынады).

"Осы тәсілді қолданған кезде, ел бойынша қосымша кіріс, Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, шамамен 13 млрд теңге болады.

Табиғи монополиялар субъектілері бұл қаражатты желілер мен жабдықтарды реконструкциялауға, желілердің тозу деңгейін төмендетуге және ысыраптарды азайтуға мақсатына жұмсауға міндетті", - деді министр.

Айта кетейік, бүгін сенат кулуарында Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев ақылы жолдар тарифтері көтерілетінін мәлімдеді. Алайда министр тарифтер қашан және қаншалықты көтерілетінін ашып айтқан жоқ, нақты шешім қабылданғанда алдын ала хабарланатынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061177-4-topqa-bolinedi-qazaqstanda-sudy-tutynu-dengeiine-qarai-arturli-tarif-engiziledi/

pixel