jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Студенттерді тонаған": Орал қаласында қылмыстық топ ұсталды

    қылмыс
    Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

    Қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін тонап, ақша бопсалады деген күдікке ілінген қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қылмыстық топ қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін тонап, ақша бопсалады деген күдікке ілінген.

    Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына 4 күдікті қамауға алынды. Алаяқтық әрекеттерге барғандардың барлығы да колледж студенттері болып шыққан.

    Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

    "Егер ұсталған тұлғалардан зардап шеккен болсаңыздар, дереу полиция қызметіне хабарласыңыздар", - дейді полицейлер.

    "Студенттерді тонаған": Орал қаласында қылмыстық топ ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.