Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құжат тексеріп, жеке шотынан ақша шешкен: Абай облысында полиция атын жамылғандар ұсталды

Опубликовано:

Күдіктілер
Күдіктілер. Фото: Polisia.kz

Абай облысында тәртіп сақшылары жалған полицейлерді ұстады. Олар ер адамды алдап, оның шотынан 925 мың теңге шешіп алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, күдіктілер ер адамның жеке мәліметін иемденген.

"Жарма ауданының тұрғынын белгісіз адамдар тоқтатып, тәртіп сақшылары болып танысқан. Сосын ер адамның жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынуын сұраған. Жәбірленушінің құжаттары мен биометриялық деректерін суретке түсіргеннен кейін күдіктілер кетіп қалған. Ер адамның шотынан ақша алынғаннан кейін, жалған полицейлерге тап болғанын түсініп, 102 арнасына жүгінді", - деп мәлім етті полицейлер.

Полиция мәліметінше, Абай облысы Жарма ауданының жедел уәкілдері күдіктілердің ізіне жылдам түсіп, оларды ұстаған. Белгілі болғандай, алаяқтықпен БҚО-ның үш тұрғыны айналысқан.

Қазіргі уақытта олар қамауға алынған. Тергеу жүріп жатыр. Олардың ұқсас қылмыстарға қатысуы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061239-quzat-tekserip-zeke-sotynan-aqsa-sesken-abai-oblysynda-policiya-atyn-zamylgandar-ustaldy/

pixel