Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда газ дүмпуінен үй жартылай қирап қалды: зардап шеккен үш жасар сәби көз жұмды

Опубликовано:

Атырауда газ дүмпуінен қираған үй
Атырауда газ дүмпуінен қираған үй. Фото: instagram.com/atyrau_tjd

Қаңтар айында Атырауда жекеменшік үйде газ жарылысы болып, бес адам зардап шеккен болатын. Оқиғадан осыған дейін ерлі-зайыпты мен үш айлық сәби қайтыс болса, енді үш жасар сәби көз жұмды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Газ дүмпуінен зардап шеккен тағы бір әйел ауруханада жатыр.

Арна мәліметіне сүйенсек, 2001 жылғы әйелдің жағдайы әлі де ауыр.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2001 жылғы зардап шегуші облыстық аурухананың жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылған.

"Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен 3 жасар бала қайтыс болды. Қазір облыстық аурухананың хирургия бөлімінде 2001 жылғы әйел жатыр. Науқас бұл бөлімге жақында ауыстырылды. Оның жағдайы әлі де ауыр күйде қалып отыр. Дәрігерлер науқасты жіті бақылауға алып, ем-дом жүргізіп жатыр", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2 қаңтар күні Атырауда жекеменшік үйде газ жарылысы болып, бес адам зардап шеккен болатын.

3 қаңтарда зардап шеккендердің бірі - 1964 жылы туған ер адам медициналық мекемеде қайтыс болған.

4 қаңтарда ауруханада жатқан 1970 жылғы зардап шеккен әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.

Сонымен қатар оқиғадан зардап шеккен үш айлық сәби де шетінеп кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061241-atyrauda-gaz-dumpuinen-ui-zartylai-qirap-qaldy-zardap-sekke-us-zasar-sabi-setinedi/

pixel