Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хан Шатырдан" өрт шықты ма: ТЖД өкілдері видеоға қатысты түсінік берді

Опубликовано:

"Хан Шатыр" төбесінен бу шыққан
"Хан Шатыр" төбесінен бу шыққан. Фото: instagram.com/astana_brothers

Астанадағы "Хан Шатыр" ойын-сауық кешенінде өрт шықты деп таралған видеоға қатысты ТЖМ өкілдері түсінік берді. Олардың сөзінше, видеода өрт түтіні емес, булану бейнеленген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоролик astana_brothers Instagram-парақшасында жарияланған. Онда сауда және ойын-сауық орталығында құрылыс машиналары тұрғанын, ал ғимараттың төбесінде түтін шыққанын байқауға болады.

Алайда бұл түтін емес, бу екен.

"Сағат 23.35-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері "Хан Шатыр "СОО шақыртудың жоғары нөмірі бойынша 5 минутта жетті. Ғимаратты дереу барлауға кірісті. Барлау қорытындысы бойынша жану фактісі расталмады, сауда-ойын-сауық орталығы ғимаратының сыртындағы шыңында булану болған", - делінген ТЖМ-нің Telegram-арнасындағы хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061278-xan-satyrdan-ort-syqty-ma-tzd-okilderi-videoga-qatysty-tusinik-berdi/

pixel