Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысының 17 жастағы тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Терроризм
Терроризмді насихаттаған жасөспірім: https://t.me/knbgov_kz/1834

Терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген Атырау облысының 17 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

2024 жылғы 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жастағы тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде одан тергеуге қажет материалдар алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Айта кетерлігі, 2023 жылы көрсетілген азамат осыған ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылған. Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды. Террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061357-atyrau-oblysynyn-17-zastagy-turgyny-terrorizmdi-nasixattady-degen-kudikke-ilindi/

pixel