Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда полицейлері 6 жасар қыз бала зорланды деген ақпаратқа қатысты жауап берді

Опубликовано:

ойыншық ұстаған қыз бала
Қыз бала. Көрнекі фото: fizkes/Getty Images

Желіде Қызылордада алты жасар қыз баланың зорланғаны туралы ақпарат жарияланды. Қалалық полиция басқармасының өкілдері бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Opennews ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Қызылордада 16 жастағы жасөспірімнің 6 жасар қыз баланы зорлағаны туралы ақпарат таралуда. Басылымның мәліметінше, жәбірленуші ауруханада жатыр, күдікті қамауға алынған.

Бұл ақпаратқа Қызылорда қалалық полиция басқармасының өкілдері жауап берді.

"2024 жылдың 10 ақпанында Қызылорда қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, департаменттің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті бастығының бақылауында", - делінген қалалық полицияның Facebook-тегі парақшасында жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада тергеу құпиялығына байланысты басқа ақпарат жария етілмейтіні айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061379-qyzylorda-policeileri-6-zasar-qyz-bala-zorlandy-degen-aqparatqa-qatysty-zauap-berdi/

pixel