Семей тұрғындары жарықсыз қалды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Семейдің барлық ауданында электр жарығы өшіп, суық су беру тоқтатылған. Энергетика министрлігі электр қуатының 15 минут ішінде қалпына келтірілгенін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Семейде электр қуатының өшкені туралы ақпарат Telegram-дағы Abai News арнасында жарияланды.
"Семейде қаланың барлық ауданында жарық сөніп қалды. Сондай-ақ суық судың жоқтығы хабарланды", - делінген хабарламада.
Кейін қалада жарық қайта қосылғаны белгілі болды.
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 13:30-да "KEGOC" АҚ желілерінің ажыратылуына байланысты жарық сөнген.
"Сағат 13:45-те электр қуатын беру қалпына келтірілді", - деді ведомстводағылар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061385-semeidin-barlyq-audanynda-zaryq-sonip-qaldy/