jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Семей тұрғындары жарықсыз қалды

Жарық
Жарық. Көрнекі фото: Рixabay.com

Бүгін Семейдің барлық ауданында электр жарығы өшіп, суық су беру тоқтатылған. Энергетика министрлігі электр қуатының 15 минут ішінде қалпына келтірілгенін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Семейде электр қуатының өшкені туралы ақпарат Telegram-дағы Abai News арнасында жарияланды.

"Семейде қаланың барлық ауданында жарық сөніп қалды. Сондай-ақ суық судың жоқтығы хабарланды", - делінген хабарламада.

Кейін қалада жарық қайта қосылғаны белгілі болды.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 13:30-да "KEGOC" АҚ желілерінің ажыратылуына байланысты жарық сөнген.

"Сағат 13:45-те электр қуатын беру қалпына келтірілді", - деді ведомстводағылар.

Семей тұрғындары жарықсыз қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram