БҚО-да бұзақы қызды ұрып-соғып, қылмыс орнынан қашып кетті (видео)
Жарияланған күні:
БҚО-да қызды ұрып-соққан күдіктіні тәртіп сақшылары ұстады. Бұзақы қылмыс жасап, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы ІІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Тәртіп сақшылары атап өткендей, қылмысты ашу үшін есепте тұрған адамдар тексерілді, полиция бөліміне белгілері бойынша күдіктіге ұқсас 38 адам жеткізілді.
Қылмысты ашу үшін бұзақының қайда кеткенін бақылайтын камералардың жазбалары зерттелді.
Нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады. Ол Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының тұрғыны болып шықты.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", – деп толықтырды полиция.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының соңында БҚО-да қызды ұрып, пышақ сілтеген күдікті іздестіріліп жатқанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061423-bqo-da-buzaqy-qyzdy-uryp-sogyp-qylmys-ornynan-qasyp-ketti-video/