Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында әкімнің орынбасары жауапқа тартылды

Опубликовано:

Костюмдегі ер адам
Шенеунік. Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысында қала әкімінің орынбасары прокурордың талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы орган мәліметінше, Қосшы қаласының прокуратурасымен бюджеттік заңнаманы бұзу бойынша прокурордың ұсынымына уақтылы жауап бермегені және прокурорды оның қаралатын уақыты мен орны туралы хабарламағаны үшін әкімнің орынбасары Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша 370 000 теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Прокуратура туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес прокурорлық қадағалау және ден қою актілері олар жіберілген органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың қарауы, орындауы үшін міндетті.

"Лауазымды тұлғаның прокурордың ұсынуын қараусыз қалдыруы не онда көрсетілген заңбұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдамауы, сонымен қатар уақтылы жауап бермеуі (Әкімшілк құқықбұзушылық туралы кодекстің 664-бабы), 8 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғады.

Сондай-ақ прокурордың қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы хабарламауы немесе уақтылы хабарламауы (Әкімшілк құқықбұзушылық туралы кодекстің 666-бабы) 200 АЕК-ке дейін мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғады", - делінген Ақмола облысының прокуратурасы хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061425-aqmola-oblysynda-akimnin-orynbasary-zauapqa-tartyldy/

pixel