Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы боран: төтенше жағдай режимі енгізіліп, көмекке әскери БТР жұмылдырылды

Опубликовано:

Абай облысындағы құтқарылған адамдар
Абай облысындағы құтқарылған адамдар. Фото: t.me/modgovkz

Абай облысындағы аудандардың бірінде табиғи төтенше жағдай режимі енгізілді. Өңірдегі боран салдарынан адамдар тасжолда қалып қойып жатыр. Боран кезінде тасжолда қалған адамдарға әскерилер көмекке жұмылдырылды.

Абай облысында ауа райы қолайсыз. Бүгін күндіз Семейдің шамамен барлық ауданында жарық пен суық су өшірілген болатын. Энергетика министрлігі 15 минуттың ішінде электр қуаты қалпына келтірілгенін хабарлады.

Сондай-ақ қалың боран салдарынан адамдар тасжолдарда қалып қойып жатыр. Облыстың Көкпекті ауданында техника жолда тұрып қалған азаматтарға өте алмаған, осылайша адамдарды эвакуациялау үшін тікұшақ пайдалануға тура келді.

Сонымен қатар облыс әкімдігінің ресми Telegram арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, психологтар жылу пункттерінде құтқарылғандарға жедел психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Оған қоса қазір жұмыс істеп жатқан сенім телефонына 180-нен астам қоңырау келіп түскен.

Әкімдік Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне 8 7222 35 38 31 нөмірі арқылы хабарласуға болатынын еске салды.

16 ақпанда облыстың Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты табиғи төтенше жағдай енгізілді. Аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов төтенше жағдайды жою штабының басшысы болып тағайындалды.

Ал Абай облысы полиция департаментінің өкілдері азаматтардан қолайсыз ауа райы жағдайында елді мекендерден тыс жерге шықпауды сұрайды.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің дерегінше, Абай облысындағы адамдарды құтқаруға Қарулы күштердің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылды.

"Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өтініші бойынша Қорғаныс министрлігі қар құрсауында қалған автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларды құтқару үшін жеке құрам, арнайы және авиациялық техника бөлді.", – делінген Қорғаныс министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламасында.

Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, ертең Абай облысында дауылдық ескерту жарияланды. Бүгін түнде солтүстікте, шығыста, оңтүстікте, күндіз солтүстікте бұрқасын жел мен боран күтіледі. Жел жылдамдығы – 15-20 м/с болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061466-abai-oblysyndagy-boran-totense-zagdai-rezimi-engizilip-komekke-askeri-btr-zumyldyryldy/

pixel