Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұз маңындағы жасанды мұздық жойылды

Опубликовано:

Екібастұздағы мұздық
Екібастұздағы мұздық. Фото: instagram.com/ekibastuz_live

Екібастұзда коммуналдық апаттан кейін пайда болған мұздық жойылды. Мұздықты жару сәті түсірілген сурет Желіде жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Экскаватор мұздықты жарып жатқан сәттің кадрларын ekibastuz_live Instagram-парақшасы жариялады. Желі қолданушылары пайда болған мұздыққа барып, суретке түсіп үлгергенін жазған.

Ал әкімдіктегілер 16-17 ақпанда Екібастүздағы мұздықтың демонтаж жұмысы өткізіліп жатқанын хабарлады. Мұнымен "Горводоканал" МКК айналысып жатыр екен.

Еске салайық, таяуда Асхат Ниязов Екібастұзға бара жатқан жолда табылған ірі мұздықтың видеосын жариялаған. "Техногендік жолмен шыққан ғажайып", - деп атаған еді ол мұздықты.

Сондай-ақ, журналист мұздықтың жанында тұру қауіпті екенін ескерткен. Екібастұз әкімдігі Орман шаруашылығы ауданында су құбыры жарылып, соның салдарынан мұздық пайда болғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061503-ekibastuz-manyndagy-zasandy-muzdyq-zoiyldy/

pixel