jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ұлытауда балаларды "құлдықта" ұстаған: Зәкиева асырап алған ана қамалғанын хабарлады

Жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева үш баланы асырап алған әйел ұсталып, оған балаларды пайдаланды деген айып тағылғанын хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ омбудсменнің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Кеше жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша Ұлытауда балаларды құлдыққа салған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп жазды Зәкиева.

Айта кетейік, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ұлытау облысында балалар 5 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеп, желіде жазба жариялаған болатын.

"Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде бір отбасынан шыққан үш бала - 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі табын жылқы және 18 сиыр бар.

Фермаға барып, комиссия мүшелері балалардың өмір сүру жағдайын көріп, шошыды. Денелері көгерген әрі тыртыққа толы, жүдеу, шаршаған, аш, көздерінде жалын жоқ, кір-қожалақ, киімдері жыртық. Қамқоршы балаларды қорлап, ұрып, азаптап, құлдай жұмсап, 5 жыл бойы балаларға жәрдемақы алып келген", - делінген жазбада.

Ұлытауда балаларды "құлдықта" ұстаған: Зәкиева асырап алған ана қамалғанын хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.