Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пеньюарды шешіп, жылырақ кофта киюге болады": Қарағанды әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Мейрам Кожухов
Мейрам Кожухов. Фото: instagram.com/meiram_kozhukhov

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов электр желілеріне жылытқыштардан түсетін жүктемеге байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімнің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жылу электр орталығы қалыпты жұмыс істеп тұр, су бар", - дегенмен әкімнің айтуынша, жақында қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде электр қуатынан ақау шыққан.

"Орбита, Сатыбалдин, Құрылысшылар, Мұқанов, Карбышев көшелерінің тұрғындары бір-екі сағатқа жарықсыз қалды. "Қарағанды Жарық" мамандары бұл мәселені тез арада шешті.

Неге бұлай болды? Себебі бәрі жылытқыш қосқандықтан электр желілеріне үлкен жүктеме түскен. Достар, үйде футболка мен шорт киіп жүру ыңғайлы екенін, үйдегі температура 28 градус болғаны жақсы екенін түсінемін.

Бірақ тағы да айтқым келеді, егер үйде 21-22 градус болса, бұл қалыпты жағдай, жылытқышты қосудың қажеті жоқ, пеньюарды шешіп, жылырақ кофта киюге болады", - деп жазды Мейрам Кожухов желідегі парақшасында.

Оның сөзінше, желілерге жүктеме түскен кезде электр жарығы өшіп, сорғы стансалары да жұмысын тоқтатып, барлық үй жылусыз, сусыз қалады.

Осыған байланысты Мейрам Кожухов қарағандылықтарды шыдамдылық танытып, қаладағы желілерге жүктеме түсірмеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061636-penyuardy-sesuge-bolady-qaragandy-akimi-qala-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel