Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есік көліндегі бөгет мемлекет меншігіне қайтарылды

Жарияланған күні:

Есік көлі
Есік көлі. Фото: gov.kz

Алматы облысында жеке компанияның сенімгерлік басқаруында болған Есік көліндегі бөгет мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды 24.kz.

Телеарна ақпаратынша, нысан 5 жыл бойы кейіннен сатып алу құқығынсыз жеке компанияның сенімгерлік басқаруында болған. Алайда ЖШС мен облыс әкімдігі арасындағы 49 жылға жасалған келісімді бұзу туралы шешім қабылданғаны мәлім болды.

Бұған келісімшартта көрсетілген міндеттемелерін дұрыс атқармағаны себеп болған.

Әкімдіктің мәліметінше, жалға алушы тарап тиісті мекемелерге атқарған жұмыстары туралы уақтылы есеп бермеген. Сонымен қатар көлді тазарту, жаңа жұмыс орындарын ашу туралы міндеттемелерін де дұрыс орындамаған.

Сондықтан ведомствоаралық комиссия құрылып, нысанды облыстың коммуналдық меншігіне қайтару туралы шешім қабылданған.

"Әлеуметтік желіде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Есік көліндегі бөгетті жалға бергені туралы жалған ақпарат тарады. Алайда қаңтарда ол нысан мемлекетке қайтарылған болатын. 2023 жылы оны жалға алған компания өз міндеттемелерін дұрыс орындамағаны белгілі болды. Осы себептен нысан қазір мемлекетке қайтарылды", - дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061667-esik-kolindegi-boget-memleket-mensigine-qaitaryldy/