Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда үйленер алдында арнайы сабақ алу міндеттелуі мүмкін

Жарияланған күні:

Неке жүзігі
Неке жүзігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров мәжілісте некеге отыратындарды оқыту бойынша түзету енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазір мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы қаралуда, онда неке қиғанға дейін кем дегенде бір ай оқыту керек деген тармақшалар бар. Бұл қарастырылуда", - деді жастар және отбасы істері комитетінің басшысы Қайрат Қамбаров.

Ол оқыту аясында болашақ жұппен психологтар мен тәлімгерлер жұмыс істейтінін айтты.

Оқу міндетті бола ма, жоқ па ол жағы белгісіз, өйткені бұл жөніндегі барлық шешім парламент түзетулерді қарастырғаннан кейін қабылданады.

Айта кетсек, өткен жылдың соңында Әділет министрлігі Қазақстанда міндетті түрде неке шартын жасасуды енгізу жоспарда жоқ екенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061709-qazaqstanda-uilener-aldynda-arnaiy-sabaq-alu-mindettelui-mumkin/