Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының экс-басшысы сотталды

Жарияланған күні:

Күдіктіні ұстау
Күдікті. Видеодан кадр: КМА

"Ұлытау облысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ бұрынғы директорына 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бұл туралы ҚМА Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Еске сала кетейік, ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті еңбекке жарамсыз және күтімді қажет ететін 29 қарттың (бірінші және екінші топтағы мүгедектер) 32 млн теңге көлеміндегі зейнетақысы мен жәрдемақысын жымқыру фактісін тергеді.

"Сонымен қатар ол 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы ақпанға дейін қызметтік бабын пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола тұра, мекеме қызметкерлерінің лауазымды жалған біріктіру туралы бұйрықтар шығарып, оларға 12 млн теңге көлемінде заңсыз ақша аударған", - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотта әлеуметтік мекеменің экс-басшысы кінәсін мойындап, мемлекетке және қарттарға 44 млн теңгеден астам шығынды толығымен өтеген.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және ведомстволарда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061714-ulytau-oblysynda-arnauly-aleumettik-qyzmetter-korsetu-ortalygynyn-eks-bassysy-sottaldy/