Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыс істемейтін және оқымайтын қазақстандық жастар қалай миллион теңге ала алады

Опубликовано:

Жастар
Жастар. Көрнекі фото: pixabay.com

ОКҚ-да өткен брифингте NEET санатындағы қазақстандық жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту жобасы туралы сөз қозғалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жастар және отбасы істері комитетінің басшысы Қайрат Қамбаровтың айтуынша, Қазақстанда жастардың 7,1 пайызы NEET санатына немесе "уақытша жұмыссыз жастарға" жатады.

Ол жастардың бастамаларын қолдауға Zhas Project жобасымен әр грант бойынша 1 млн теңгеге дейін 280 шағын грант беру қарастырылғанын айтты.

Zhas project жобасы NEET санатындағы 18 бен 35 жас аралығындағы жастарға жергілікті қоғамдастық мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде 1 млн теңгеге дейін шағын гранттар беру қарастырылған.

"Жобаға қатысушылар мына талаптарға сай болуы керек: жасы 18-ден 35-ке дейінгі, өтініш берген кезде облыста тұрақты немесе уақытша тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары, өтініш берген кезде уақытша жұмыссыз мәртебесі болуға міндетті", - деді комитет басшысы.

Ол байқау 2024 жылғы 25 наурызда басталады деп жоспарланғанын мәлім етті. Байқауға ұсынылатын жоба әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған және 4 айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061722-zumys-istemeitin-zane-oqymaityn-qazaqstandyq-zastar-qalai-million-tenge-ala-alady/

pixel