"Қарақшылар жүк көліктерін тоқтатуға тырысқан": Жамбыл облысында тасжолда болған оқиға видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Жамбыл облысында тасжолда екі Toyota Alphard көлігінің жүргізушілері жолды бөгеп, жүк көліктеріне жүруге мүмкіндік бермеген. Бұған қатысты облыстық полиция департаментінің өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әлеуметтік желіде екі жеңіл көлік жүк көліктерінің жүруіне кедергі келтірген сәті түсірілген видео тарады.
"90-жылдар оралды ма? Тасжолдарда қарақшылар жүк көліктерін тоқтатқысы келіп жатыр", - делінген бейнежазба сипаттамасында.
Желі қолданушылары ұзақ жолда осыған ұқсас жайттар болып тұратынын жазған.
"Менің бір танысым бар, ол да жүк көлігінің жүргізушісі, ол өзімен қару алып жүреді, құжаттары түгел, бейнетіркегіші де бар, бірақ, құдайға шүкір, әлі оларды қолданатын жағдай болмады, ол ұзақ жолда жалғыз жүрген қауіпті дейді", - деген пікір қалдырған видеоға желі қолданушысы.
Жағдайға қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті өкілдері пікір білдірді. Ведомстводағылар аталған фактіге байланысты Toyota Alphard көліктерінің жүргізушілері анықталғанын хабарлады.
"Екі жүргізуші де апаттық жағдай тудырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді департамент өкілдері.
Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 606-бабы бойынша жол қозғалысы қатысушысына апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, яғни жол қозғалысының басқа қатысушыларын жылдамдықты немесе бағытты күрт өзгертуге мәжбүрлегені үшін 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Бұған дейін Жетісу өңірінде Алматы-Өскемен тас жолы бойында келе жатқан жүк көліктерінен мүлік ұрлады деген күдіктілер ұсталған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061773-qaraqsylar-zuk-kolikterin-toqtauga-tyrysqan-zambyl-oblysynda-taszolda-bolgan-oqiga-videoga-tusip-qaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.