Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде шаруа қожалықтарының басшылары алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінді

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбеде шаруа қожалықтарының басшылары алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық прокуратура сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақтөбе облысының прокуратурасы облыстық Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, кредиттік қаражатты мақсатсыз жұмсау фактілерін анықтады.

"Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ Ақтөбе филиалы "Сыбаға" және "Агробизнес" мемлекеттік бағдарламаларына шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу үшін кредиттік қаражат берген. Алайда 3 шаруашылық ірі қара малдары сатып алмай, жалпы сомасы 189,5 млн теңге несие қаражаты басқа мақсаттарға жұмсалған", - делінген хабарламада.

Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуына байланысты материалдар ЭТД-не жіберілді.

Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қазіргі уақытта тергеу нәтижелері бойынша бір қылмыстық іс сотқа жіберілді, екі іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061784-aqtobede-sarua-qozalyqtarynyn-bassylary-alayaqtyq-deregi-boiynsa-kudikke-ilindi/

pixel