Арзанға iPhone 15 алғысы келген алматылық алданып қалды
Жарияланған күні:
Алматы тұрғыны iPhone 15-ті арзан бағамен сатып алғысы келіп, алданып қалды. Полиция оны алдаған ер адамды ұстады: ол бірнеше алаяқтық іс бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы ІІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматы тұрғыны арзан бағаға iPhone 15 сатып алғысы келіп, алданып қалды. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарына қарағанда, күдіктіні - 30 жастағы ер адам ұсталған. Ол ақшаны жымқырып, жасырынып жүрген.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Оның алаяқтықтың кем дегенде үш фактісіне қатысы бар екені анықталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында", - дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапияев.
Полицейлер алданғандардың көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, сондықтан күдіктінің әрекетінен зардап шеккен азаматтардан төмендегі байланыс номерлеріне хабарласуды сұрайды: 8 701 233 47 90; 8 747 700 00 72; 8 778 677 67 65.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратуға жатпайды, деп хабарлады ІІМ Polisia.kz ақпараттық медиа порталы.
Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес, алаяқтық:
- түзеу жұмыстарымен немесе 4000 АЕК (14,7 млн теңге) мөлшерінде айыппұлмен;
- немесе 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы;
- немесе 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу арқылы жазаланады;
- немесе мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға құқылы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061792-arzanga-iphone-15-algysy-kelgen-almatylyq-aldanyp-qaldy/