Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арзанға iPhone 15 алғысы келген алматылық алданып қалды

Опубликовано:

Ер адамның қолына кісен салуда
Қолы кісендеулі ер адам. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы тұрғыны iPhone 15-ті арзан бағамен сатып алғысы келіп, алданып қалды. Полиция оны алдаған ер адамды ұстады: ол бірнеше алаяқтық іс бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы ІІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы тұрғыны арзан бағаға iPhone 15 сатып алғысы келіп, алданып қалды. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарына қарағанда, күдіктіні - 30 жастағы ер адам ұсталған. Ол ақшаны жымқырып, жасырынып жүрген.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Оның алаяқтықтың кем дегенде үш фактісіне қатысы бар екені анықталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында", - дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапияев.

Полицейлер алданғандардың көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, сондықтан күдіктінің әрекетінен зардап шеккен азаматтардан төмендегі байланыс номерлеріне хабарласуды сұрайды: 8 701 233 47 90; 8 747 700 00 72; 8 778 677 67 65.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратуға жатпайды, деп хабарлады ІІМ Polisia.kz ақпараттық медиа порталы.

Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес, алаяқтық:

  • түзеу жұмыстарымен немесе 4000 АЕК (14,7 млн теңге) мөлшерінде айыппұлмен;
  • немесе 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы;
  • немесе 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу арқылы жазаланады;
  • немесе мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға құқылы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061792-arzanga-iphone-15-algysy-kelgen-almatylyq-aldanyp-qaldy/

pixel