Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы – Ақтау рейсі": әуекомпания өкілдері айқайлаған жолаушылардың видеосына пікір білдірді

Опубликовано:

Әуеде ұшып бара жатқан ұшақ
Ұшақ. Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Алматы – Ақтау рейсінің ұшағы турбулентті аумаққа түскені, жолаушылардың үрейленіп, айқайлағаны түсірілген видео тарады. Әуекомпания осы жайтқа түсініктеме берді, хабарлайды Lada.kz.

Instagram-дағы public 112_aktau парақшасында жариялаған видеода ұшақтың бір қанаты ғана көрінеді, сондай-ақ ұшақтың қатты шайқалғанынан қорыққан жолаушылардың даусын естуге болады.

Видеоға жазылған сипаттамада бұл жағдай қашан, қай рейсте болғаны туралы ақпарат жоқ екені жазылған.

Жазбаның астындағы пікірде әлеуметтік желі қолданушылары бұл ұшақ SCAT әуекомпаниясына тиесілі екенін жазған.

Бірақ SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі басылымға бұл ақпаратты растамады.

"Видеоның біздің ұшақтарға қатысы жоқ. Қанат ұшы біздің ұшақтардікіндей емес. Оған қоса, біздің кестеде Алматыдан Ақтауға ұшып келу тек кешкі уақытта, қараңғы түскенде ғана жүргізіледі. Бөтен видеоға дыбыс пен бұрыс ақпаратты салып қоятын кездер болады. Жалпы алғанда турбуленттіліктің еш қаупі жоқ, бірақ адамдар оны әртүрлі қабылдайды", - деп мәлімдеді әуекомпанияның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061803-almaty-aqtau-reisi-auekompaniya-okilderi-aiqailagan-zolausylardyn-videosyna-pikir-bildirdi/

pixel