Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазавиақұтқару" АҚ-ға жаңа бас директор тағайындалды

Опубликовано:

Ержан Жәкенов
Ержан Жәкенов. Фото: gov.kz

Ержан Жәкенов "Қазавиақұтқару" АҚ авиакомпаниясының бас директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Ержан Жәкенов 1978 жылғы 17 қаңтарда Қарағанды облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, ҚарМТУ инженер-механик мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған, "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану" азаматтық авиация академиясын бітірген.

Еңбек жолын ұшу қауіпсіздігі басқармасының, ұшу жарамдылығын қолдау басқармасының сарапшысынан, бас сарапшыдан – азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздік басқармасының аға мемлекеттік авиация инспекторынан бастаған.

11 жылдан астам Астана және Алматы қалаларының әуежайларында авиациялық қауіпсіздік қызметінде, оның ішінде 5 жылдан астам басқарушы лауазымдарда жұмыс істеді.

 Ол 2019 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы болды.

2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың ақпанына дейін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ авиациялық қауіпсіздік департаментінің авиациялық инспекторы болып жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061810-qazaviaqutqaru-aq-ga-zana-bas-direktor-tagaiyndaldy/

pixel