Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүріп, жаяу жүргіншілер жолын жауып тастады
Жарияланған күні:
"Қазселденқорғау" мамандары Алматы облысында қар көшкіні болғанын мәлім етті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мекеменің желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
"Қазселденқорғау" ММ Instagram-дағы парақшасында хабарланғандай, 19 ақпанда сағат 08:00-ден 15:00-ге дейінгі аралықта Кіші Алматы өзені алабындағы қар көшкіні қаупі бар аумақтарды зерттеу барысында 8 рет қар көшкіні болғаны анықталды.
Қар көшкіні салдарынан "Богданович" мұздығына апаратын туристік жолына, сондай-ақ Тұйық-су мұздығына апаратын трактор жолына қар түскен. Бұл учаскеде қыс мезгілінде жол жабық.
Ведомство мәліметінше, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, жалпы қар көшкіні көлемі 20,4 мың текше метрге жеткен.
Қауіпті аймақтардың алдына ескерту тақталары орнатылған. Демалыс күндері қар көшкіні қаупі бар аймаққа кіруді шектеу үшін бақылау-өткізу пункті орнатылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061887-almaty-oblysynyn-taularynda-qar-koskini-zurip-zayau-zurginsiler-zolyn-zauyp-tastady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.