Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның 8 облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Опубликовано:

Қыс мезгілі, көлік
Көлік. Көрнекі фото: MarianVejcik / Getty Images

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 20 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компанияның Telegram-арнасындағы ақпарат бойынша республикалық маңызы бар мына жолдарда шектеу енгізілген:

  • Абай облысында жалпы қашықтығы 2174 км болатын 7 автожолда шектеу енгізілген. Өйткені өңірде ауа температарусы төмендеп, аяз -40 градусқа дейін күшеюде.

Облыс бойынша барлық бағыттар бойынша қоғамдық көліктер және дизельмен жүретін көліктердің қозғалысы шектелген.

"Омбы – Майқапшағай" тасжолының Қалбатау ауылы мен Көкпекті ауылы арасындағы бөлігі көліктің барлық түріне жабық.

  • Шығыс Қазақстан облысында жалпы қашықтығы 1268 км болатын 7 автожолда шектеу енгізілген. Оған ауа температурасының төмендеуі, аяздың -40 градусқа дейін күшеюі себеп болып отыр.

Облыс бойынша қоғамдық көліктер мен дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу енгізілген.

  • Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км болатын 1 автожолда шектеу енгізілген. "Алматы – Ташкент – Термез" тас жолының Кенен ауылы мен Қайнар ауылы арасындағы бөлігінде барлық көлік түріне шектеу енгізілген. Ескі Қордай асуы арқылы өтуге болады.
  • Жетісу облысында жалпы ұзындығы 58 км болатын 1 автожолда көлік қозғалысы шектелген. "Алматы – Өскемен" тасжолының Үшарал қаласы – Абай қаласы аралығындағы бөлігінде қоғамдық көліктер мен дизельмен жүретін көліктерге шектеу енгізілген.
  • Қарағанды облысында Абай облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты жалпы ұзындығы 103 км болатын 1 автожолда шектеу енгізілген. "Қарағанды – Аягөз – Бұғаз" тасжолының Қарқаралы облысы шекарасы мен Абай облысы шекарасының аралығында қоғамдық көліктер мен дизельмен жүретін көліктердің қозғалысы шектелген.

"Екатеринбург – Алматы" автожолының Жаңа құрылыс пен Балқаш қаласы аралығындағы бөлігінде қоғамдық көліктер мен дизельмен жүретін көліктерге шектеу енгізілген.

  • Қостанай облысында Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты жалпы ұзындығы 83 км болатын 1 автожолда көлік қозғалысы шектелген.

"Жезқазған – Петропавл" тасжолының Ұлытау облысы мен Арқалық қаласы аралығындағы бөлігінде барлық көлік түріне шектеу енгізілді.

  • Абай облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты Павлодар облысында жалпы ұзындығы 160 км болатын 1 автожолда шектеу енгізілген.

"Омск – Майқапшағай" тасжолының Кежекөл мен Абай облысы шекарасына дейінгі бөлігінде қоғамдық көліктер мен дизельмен жүретін көліктердің қозғалысы шектелді.

  • Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 км 1 автожолда шектеу енгізілді.

"Жезқазған – Петропавл" автожолының Қостанай облысы мен Ұлытау ауылы аралығындағы бөлігінде барлық көлік түрінің қозғалысы шектелген.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 419 техника және 785 адам жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061889-qazaqstannyn-8-oblysynda-kolik-qozgalysyna-sekteu-qoiyldy/

pixel