Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бектенов мектеп мәселесі шешілмесе, шенеуніктерге қатаң шаралар қолданылатынын айтты

Опубликовано:

оқушы
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 20 ақпанда өткен үкімет отырысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов ештеңе өзгермесе, жауапты тұлғаларға қатаң шаралар қолданылатын айтты, деп хабарлйды KAZ.NUR.KZ.

Премьер-министрдің айтуынша, мемлекет басшысының бастамасы бойынша іске асырылып жатқан "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының ел үшін маңызы зор, оның арқасында үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептер проблемалары шешілуге тиіс.

"Олардың барлығы жаңа мектептерге аса мұқтаж өңірлерде салынуы қажет. Оның үстіне, жайлы мектептер атына заты сай, оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуға тиіс. Олар қауіпсіз және сапалы білім беру ортасына айналуы керек", - деді Бектенов.

Үкімет басшысының айтуынша, аталған мектептер әу бастан цифрлық камералармен жабдықталып, полицияның Жедел басқару орталықтарына жалғануы керек. Оған қоса жаңа, интерактивті оқыту әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін жылдамдығы жоғары интернет жүргізілуі керек.

"Құрылыс материалдарын, жабдықтар мен жиһаздарды сатып алу ісіне барынша отандық өндірушілерді тарту қажет. Жалпы мемлекет басшысының жаңа форматтағы мектептер салу туралы тапсырмасын орындау үшін бар күшімізді жұмылдыруымыз керек.

"Құрылыс материалдарын, жабдықтар мен жиһаздарды сатып алу ісіне барынша отандық өндірушілерді тарту қажет. Жалпы мемлекет басшысының жаңа форматтағы мектептер салу туралы тапсырмасын орындау үшін бар күшімізді жұмылдыруымыз керек", - деді үкімет басшысы.

Оған қоса үкімет басшысы объектілер ашылғаннан кейін бірден нақты жоспарлы оқу процесін ұйымдастыру үшін салынып жатқан мектептерді алдын ала педагог кадрлармен қамтамасыз ету керегін айтты.

"Біз ұлттық жобаны іске асыру барысын маусым айында қайта қараймыз. Егер жұмыс тәсілі өзгермесе, жауапты тұлғаларға қатаң шаралар қолданылатын болады", - деп түйіндеді Олжас Бектенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061903-bektenov-mektep-maselesi-sesilmese-seneunikterge-qatan-saralar-qoldanylatynyn-aitty/

pixel