Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының бір бөлігі жарықсыз қалды

Опубликовано:

Жарық
Жарық. Көрнекі фото: Рixabay.com

Алматының Алмалы ауданында орналасқан кейбір ғимараттар мен нысандар жарықсыз қалды. Бұл туралы "Алатау Жарық Компаниясына" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, бүгін Алмалы ауданындағы Төле би көшесі – Байтұрсынұлы көшесі – Сейфуллин даңғылы – Жамбыл көшесі бойында, сондай-ақ Желтоқсан көшесінің бойымен – Абай даңғылы – Масанчи көшесі – Төле би көшесі аумағында орналасқан ғимараттар мен нысандарда электр қуаты өшіп қалды.

Қазір жарық неден өшкені анықталып жатыр. Оқиға орнында бригада жұмыс істеуде. Жарық 2 сағаттың көлемінде қосылып қалуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061937-almatynyn-bir-boligi-zaryqsyz-qaldy/

pixel