jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізілген соң мектепте сабақтың басталу уақыты өзгере ме

Мектеп оқушылары
Мектеп оқушылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкіметте өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев облыс әкімдіктері қажет болған жағдайда мектепте сабақ басталу уақытын дербес қайта қарауға құқылы екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сабақтың басталу уақытын өзгерту мәселесі алдағы уақытта Қазақстанда біртұтас уақыт белдеуіне енгізілуіне байланысты туындаған.

"Оқу уақытына келетін болсақ, бұл жерде, әрине, біз әкімдіктерге қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік береміз, ешқандай кедергілер жоқ.

Мысалы, сағат 8.00-де басталған мектептерде сабақ 8.30-да басталуы мүмкін және т.б. Әрбір ұйым мен әкімдік дербес шешім қабылдауына болады", - деді Ғани Бейсембаев.

Бұл ретте Бейсембаев министрлікке мұндай өтініштер әлі түспегенін айта кетті.

Айта кетейік, Қазақстанда 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі.

Елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізілген соң мектепте сабақтың басталу уақыты өзгере ме

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.