Ұлытауда балаларды "құлдықта" ұстаған: министр қамқоршылық органдарын жазалауға қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҮкіметте өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ұлытау өңірінде асырап алынған балалардың еңбек құлдығында болғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Журналистер Ғани Бейсембаевтан Ұлытау өңірінде асырап алынған балалардың еңбек құлдығы фактісі үшін қамқоршылық органдары қандай жауапкершілікке тартылуы керек екенін сұрады.
"Шаралар қабылдануда. Бүгінде кейбір өңірлердегі қамқоршылық органы қызметкерлерінің саны қажетті санға сәйкес келмейтінін мен бірнеше рет айттым. Сондықтан бұл жерде мәселені жан-жақты қарастыру керек, ең бастысы, алда басқа өңірлерде қайталануына жол бермеу керек", - деді министр.
Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова өз кезегінде осы саладағы заңдарды қайта қарау жоспарланғанын мәлімдеді.
"Қолданыстағы "Неке және отбасы туралы" кодекстің аясында жарты жылда бір рет аз қамтылған отбасы балалары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына бақылау жүргізуді қарастырамыз.
Мобильді топтардың құрамында біз осы балаларды аралап, бақылау нәтижелері бойынша үлкен талдау жасаймыз – бұл мәселені Балалардың құқығын қорғау комитеті де қадағалап отыр. Үлкен талдау жасап, бақылау мерзімі мен қамқоршылар мен потранат ата-аналарға сапа жағынан қойылатын талап бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгузу мәселесі талқыланады", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ұлытау облысында балалар 5 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеп, Facebook желісінде жазба жариялағанын жазған едік.
"Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде бір отбасынан шыққан үш бала - 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі табын жылқы және 18 сиыр бар.
Фермаға барып, комиссия мүшелері балалардың өмір сүру жағдайын көріп, шошыды. Денелері көгерген әрі тыртыққа толы, жүдеу, шаршаған, аш, көздерінде жалын жоқ, кір-қожалақ, киімдері жыртық. Қамқоршы балаларды қорлап, ұрып, азаптап, құлдай жұмсап, 5 жыл бойы балаларға жәрдемақы алып келген", - делінген жазбада.
Балалардың үлкені - қыз, колледжді бітірген, алайда іс жүзінде сабаққа бармаған. Ортаншы ұл бала колледжде "оқиды". Органдар оқу орындарын тексергенде, оларға үнемі балалардың ауырғаны туралы анықтамалар ұсынылып отырғанын анықтаған.
Кейін Зәкиева үш баланы асырап алған әйел ұсталып, оған балаларды пайдаланды деген айып тағылғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061977-ulytauda-balalardy-quldyqta-ustagan-oqu-agartu-ministri-qorgansylyq-organdaryn-zazalau-maselesine-pikir-bildirdi/