Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық әйел қос азаматтығы үшін ірі көлемде айыппұл төлемек

Опубликовано:

Жылап отырған әйел
Жылап отырған әйел. Көрнекі сурет: Pexels.com

Қызылордада полицейлер қос азаматтық алған Ресей азаматына айыппұл салды. Құқықбұзушылық үшін әйел жарты миллион теңгеден астам айыппұл төлейді, деп хабарлайды ІІМ-не сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ақпаратынша, жыл басынан бері Қызылорда облысында Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 78 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның ішінде 6 адам сот шешімімен ел аумағынан шығарылған.

Осылайша, тексеру барысында Қызылорда қалалық ӨП көші-қон бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзған әйелді анықтады.

40 жастағы Ресей азаматына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

"Сот шешімімен бұл азамат жауапқа тартылып, оған 500 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды", - деп хабарлады ІІМ.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 496-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарламау 200 АЕК (738 400 теңге) не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.  Ақпан айының басында полицейлер Қазақстан азаматтығы туралы заңнаманы бұзған ресейлік ерлі-зайыптыларды анықтағаны хабарланған болатын. Ерлі-зайыптылар Ресей азаматтығын 2022 жылдың тамыз айында Қазақстанның ішкі істер органдарына немесе шетелдік мекемелерін ескертпей алған. Осы қылмысы үшін олар елден шығарылды.

Бұған дейін сот шешімімен ресейлік те қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылған болатын. Оның қазақстандық төлқұжаты тәркіленді. Семей қаласының 33 жастағы тұрғыны өткен шілде айында Ресей Федерациясының азаматтығын алғанымен, бұл туралы хабарламаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062037-qyzylordalyq-aiel-qos-azamattygy-usin-iri-kolemde-aiyppul-tolemek/

pixel