Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"КамАЗ газ құбырына соқтығысқан": Алматының бірнеше ықшамауданы газсыз қалды (видео)

Опубликовано:

Газсыз қалған ықшамаудан
Видеодан кадр: instagram.com/akimat_nauryzbai_audany/

Ауыр жүк көлігінің магистральдық құбырға соқтығысуы салдарынан Алматыдағы Наурызбай ауданындағы бірнеше шағынаудан газсыз қалды. Бұл туралы аудан әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"2024 жылғы 20 ақпанда сағат 21.50 шамасында Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылында жеке ауыр жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан Наурызбай ауданының бірнеше шағын ауданы газсыз қалды.

Оқиға орнына тез арада жұмыс топтары жетті. Қазір апатты қалпына келтіру үдерісіне қаланың барлық коммуналдық кәсіпорындары мен құтқару қызметі жұмылдырылды", - делінген әкімдіктің Instagram парақшасында.

Әкімдік апаттық жағдайды қалпына келтіру жұмыстарының болжамды уақыты 21 ақпан күні сағат 04:00-ге дейін жалғасады деп жоспарланғанын жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062084-almatynyn-birnese-yqsamaudany-gazsyz-qaldy-video/

pixel