Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында босанған әйел мен жаңа туған нәрестесі қар құрсауында қалған

Опубликовано:

Қар құрсауында қалған лимузин
Қар құрсауында қалған лимузин. Фото: instagram.com/dp_pavlodar

Павлодар облысының Кемеңгер ауылында анасымен бірге жаңа туған нәрестені перзентханадан алып бара жатқан лимузин қар құрсауында қалып қойды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Полицейлердің мәліметінше, Павлодар облысында қатты аяз, қарлы боран, бұрқасын жүріп жатыр. Осыған байланысты тәртіп сақшылары тәулік бойы патрульдеу жұмыстарын жүргізуде.

Патрульдік іс-шара барысында Кемеңгер ауылының учаскелік полиция қызметкері Қанат Әбілдинов қар құрсауында қалып қойған лимузинді тапты. Жүргізушінің түсіндіруінше, ол жаңа туған нәрестені анасымен бірге перзентханадан әкеле жатқан. Алайда жолда қарға кептеліп қалады.

Полиция қызметкері патрульдік көлікке сүйреткіш арқан байлап, көлікті қардан шығаруға көмектескен. Сөйтіп, лимузинді үйіне дейін апарып салған.

Көлік жүргізушісі және оның жолаушылары учаскелік полиция қызметкеріне алғыс білдірді.

"Сәби анасымен бірге үйіне аман-есен жетті. Оларды туыстары қарсы алды", - деді полиция қызметкері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062122-pavlodar-oblysynda-bosangan-aiel-men-zana-tugan-narestesi-qar-qursauynda-qalyp-qoidy/

pixel