Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт ауыл карантинге жабылды": Қарағанды облысында жылқы сойып, етін сатуға тыйым салынды

Опубликовано:

Жылқы
Жылқылар. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысында төрт ауыл карантинге жабылды. Өйткені жылқы малын белгісіз дерт дендеп, жара басқан. Кейін бұл аурудың эпизотиялық лимфангит екені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, қазір өңірде жылқы сойып, еті мен сүтін сатуға және қолдануға тыйым салынып отыр.

Облыстық ветеринарлық бақылау инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаевтың айтуынша, өңірдегі жылқы дертіне қойылған ауруға "Отар" ғылыми-зерттеу институтында вакцина шығарылған.

"Лабороториялық қорытындыдан эпизотиялық лимфангит дәлелденді. Бұл ауруға "Отар" ғылыми-зерттеу институты вакцина шығарылған. Ол зертханалық  жай-күйде тексерілді. Вакцинаны карантин қойылған аумақтың сау малдарға егу жүргізуге дайынбыз", - деді Ержан Бекетбаев.

Еске салайық, былтыр мамырда Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылында жылқы малы белгісіз кеселден қырылған еді. Кейіннен Үлгі және Төрткөл бөлімшелерінде де мал арасында осы аурудың тарағаны мәлім болған. Сондай-ақ Қарқаралы ауданына қарасты Ынталы ауылында да екі жылқыға жұққаны айтылды.

Мамандар тексеруінен кейін өңірде жалпы 180 бас мал жойылған. Тағы оны оқшауланған. Ал жұқса, жануардың денесін ірің жайлап, жүріп-тұрудан қалдыратын кеселдің әзірге емі жоқ көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062129-tort-auyl-karantinge-zabyldy-qaragandy-oblysynda-zylqy-soiyp-etin-satuga-tyiym-salyndy/

pixel