jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанда суицидке итермелегендер 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

судья
Судья. Көрнекі фото: Boonchai Wedmakawand / Getty Images

Мәжіліс депутаттары әйел мен бала құқықтарын және заңды мүддесін қорғауға бағытталған түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы парламент мәжілісінің ресми телеграм арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мәжіліс ақпаратынша, суицидтің алдын алу мақсатымен өзін-өзі өлтіру немесе оған итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылады.

Суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

Сонымен қатар кәмелетке толмаған баланы қорқыту және кибербуллинг үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі (10 АЕК айыппұл салынады).

Одан бөлек, интернат ұйымдарында тұратын балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік маңызы бар нысандарда (тамақтану, білім беру, сауықтыру, емдеу және т.б.) кедергісіз тексеру жүргізу жөніндегі нормалар көзделген. Осылайша, интернаттарда мемлекеттік бақылау алдын ала хабардар етпей жүргізіледі.

Сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға, балаларға білім беру және сауықтыру қызметтерін міндетті лицензиялау ұсынылады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.