Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда харассмент үшін жауапкершілік енгізіле ме: вице-министр жауап берді

Опубликовано:

Бетін басып отырғаны қыз
Бетін басып отырғаны қыз. Көрнекі фото: Anciens Huang / Getty Images

Мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха харассмент пен (сталкинг) қысым көрсету үшін заңнамаға жауапкершілік енгізіле ме деген сұраққа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Меніңше, бәрі біздің қалай қарай жылжып жатқанымызды көріп отыр. Біз бір күні бұл талаптарды да енгіземіз. Халықтың ұсынысы бар.

Бастысы, біз бұған мұқият, асықпай, жай ғана көшіріп алмай (басқа елдердің заңдары – ред.еск.) келуіміз керек. Өйткені депутаттар дұрыс айтады – менталитет бар, бізде кей нәрселер басқа елдердегідей емес", - деді ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха.

Сондай-ақ, буллинг ұғымына қатысты да сұрақтар туындағанын және оны заңнамаға енгізу қажет пе деген талқылау болғанын атап өтті.

"Қазір біз буллингке қатысты өзгерістер енгізіп жатырмыз (заңнамаға – ред.еск.), қандай нәтиже берерін көрейік.

Харассмент мәселелері бойынша біз әлі де мұны қарастырамыз. Өйткені әйелдер бұл туралы шағымданады. Ұсыныс бар. Уақыт өте келе бұны шешерміз", - деді ішкі істер вице-министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062188-qazaqstanda-xarassment-usin-zauapkersilik-engizile-me-vice-ministr-zauap-berdi/

pixel