Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жолаушылар автобусынан орындықтар ұрланған

Жарияланған күні:

Алматыда автобустан ұрланған орындықтар
Алматыда автобустан ұрланған орындықтар. Фото: polisia.kz

Алматыда қоғамдық көліктен орындықтар ұрланды, полицейлер жекеменшік автопарктің қызметкерін күдікті деп таныды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Белгілі болғандай, түнгі уақытта ол жөндеудегі бірнеше қоғамдық көліктің орындықтарын шешіп алып, тіпті бір данасын 35 мың теңгеге сатып үлгерген.

"Автопарк әкімшілігінен арыз түскеннен кейін жедел тергеу тобы жіберілді. Күдікті бірден ұсталды. 34 жастағы автопарк қызметкері қылмысын мойындады. Бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдіктінің басқа да ұрлық деректеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Ерік Қойбақов.

Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

"ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады", - деп ескертті полицейлер.

188-бабқа сәйкес, ұрлық жазасы:

  • түзеу жұмыстарына тарту немесе 3 мың АЕК (11 млн теңге) дейінгі айыппұл салу;
  • не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту;
  • не 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу;
  • не мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062195-almatyda-zolausylar-avtobusynan-oryndyqtar-urlangan/