Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жоғары жалақыға алданып қалған": Таиландта екі қазақстандық әйел құлдықтан құтқарылды

Жарияланған күні:

Қолы байланған қыз
Қолы байланған қыз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгінгі өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жақында шетелге жұмыс іздеп барған екі қазақстандық әйелдің құлдықтан құтқарылғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, қазір олар елге келе жатыр.

"Қаңтар айының соңында Таиландтағы консулдың WhatsApp мессенджеріне Қазақстан азаматынан "алтын үшбұрышта" еңбек құлдығына түскені туралы хабарлама келген. Ол құтқаруды сұраған. Жергілікті билікпен бірге атқарылған іс-шаралардан кейін екі қазақстандық еңбек құлдығында жүргені анықталды. Бір ай көлемінде жұмыстардың нәтижесінде олар құтқарылды. Қазіргі таңда Қазақстанға ұшып келе жатыр.

Бұл қыздар сол елде осындай жағдай орын алуы мүмкін екенін де білген. Бірақ олар ештеңе болмайды беп ойлаған. Оларды құқықтық сауатсыздығы үшін кінәлай алмаймыз. Жоғары білімі бар, тілдерді меңгерген қыздар. Жоғары жалақы береді деген сөзге алданып қалған", - деді Айбек Смадияров.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қазақстандықтарға шетелге жұмысқа кетер алдында бәрін зерттеп алу керегін ескертті.

"Оларды сол жерден аман-есен алып шыққанымызға қуаныштымыз. Әрқайсысы үшін 10 мың доллар талап етті, бірақ дипломаттарымыздың көмегінің арқасында бір тиынсыз құтқарып қалдық. Құтқармасақ жезөкшелікпен айналысып кетер еді, егер олар жігіт болса, органдарын сатып жіберуі мүмкін еді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062242-zogary-zalaqyga-aldanyp-qalgan-tailandta-eki-qazaqstandyq-aiel-quldyqtan-qutqaryldy/