"Көтер деп тұр": көшеде мысықты құшақтаған атыраулық балақай жұртты сүйсінтті
Жарияланған күні:
Атырауда көше кезіп жүрген мысықты баланың құшақтап, мейірлене құшақтап тұрған сәті түсірілген видео тарады. Бұл туралы AtyrauPress хабарлайды.
Басылым мәліметінше, ерекше сәтті Атырау қаласының жүргізушісі видеоға түсіріп алған.
Онда мектеп оқушысы жануарды сипалап, еркелетіп жатыр. Мысық та мейірімін төккен балаға қарай ентелеп, құшақтағысы келгендей. Видеода көрсетілгендей, балақай шыдай алмай, мысықты көтеріп алған.
Осы видеоға желі қолданушылары көптеген пікір қалдырған:
"Сәби секілді көтер деп тұр", "Мысық өз қожайынын таңдады", "Баланың жүрегі кең және тәрбиесі жақсы екен! Оған және ата-анасына алғыс!", "Мейірімді бала нағыз ер азамат болып өседі"
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062247-koter-dep-tur-kosede-mysyqty-qusaqtagan-atyraulyq-balaqai-zurtty-suisintti/