jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қарағандыда бала саудасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

ойыншық ұстаған қыз бала
Қыз бала. Көрнекі фото: fizkes/Getty Images

Қарағанды облыстық прокуратура кәмелетке толмаған баланы саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мектеп жасындағы бала "Отбасының цифрлық картасында" мектепке бармайтын ретінде тіркелгені анықталды.

"Тексеріс көрсеткендей, құжаттар бойынша бала 2011 жылы Қарағанды қаласының облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте кезінде қалдырылып, кейін Осакаров ауданындағы "Пионерский" балалар үйіне тапсырылған.

Прокуратура бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін, баланың іс жүзінде жоғалып кеткенін және оның қайда екені белгісіз екенін анықтады", - делінген хабарламада.

Осакаров ауданы прокурорының нұсқауы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы - кәмелетке толмағандарды саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қарағандыда бала саудасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.