Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда сегізінші қабатқа баспалдақпен көтерілген тұрғын қайтыс болды

Опубликовано:

Зейнеткер
Зейнеткер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Оралда сегізінші қабатқа баспалдақпен көтерілген зейнеткер есінен танып, артынша көз жұмды. Бұл туралы uralskweek.kz-ке сілтеме жасап, KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сырым Датов, 17 мекенжайындағы жатақханада тұрған зейнеткер Мәншүк Құдабаева 8-қабаттағы пәтеріне бір жыл бойы жаяу көтеріліп жүрген. Себебі жеделсаты жұмыс істемеген.

70 жастағы қарт әйел жеделсатыны әйтеуір бір жасайды деген үмітпен күн сайын немересін балабақшаға шығарып салып жүрген. Алайда бір апта бұрын Мәншүк 8-қабатқа соңғы рет көтерілді.

Жеделсатыны жөндеуге 1 миллион 200 мың теңге қажет дейді осы үйдің тұрғындары. Алайда бұған қаражат жинауға мүмкіндіктері жоқ. Зейнетақысы 100 мыңға әрең жететін тұрғындар қаражатының тең жартысы дәрі-дәрмекке жұмсалатынын айтты.

Облыстық мәслихат депутаты №17 жатақхана тұрғындарына келіп, жеделсатыны жөндеуге демеуші іздеу керектігін айтқан.

Зейнеткердің қайтыс болғанын жатақхананың 9-қабатында тұратын марқұмның көршісі Серік Қодаров хабарлаған.

"Біздің Мәншүк қайтыс болды. Ол әдеттегідей баспалдақпен сегізінші қабатқа көтерілген. Пәтерге кірер-кірместен есінен танып құлаған. Сөйтіп комаға түседі. Жедел жәрдем келгенімен, ол есін жимастан қайтыс болды. Барлығы өте тез болды. 8-қабатқа көтерілген кезінде қысымы күрт көтерілген дейді", - деп есіне алды Қодаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062271-oralda-segizinsi-qabatqa-zayau-koterilgen-turgyn-qaitys-boldy/

pixel