Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда балаларды Қазақстанның үлгісімен 4-сыныпқа дейін тек қырғыз тілінде оқыту ұсынылды

Опубликовано:

оқушы
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Парламент отырысында Жоғарғы кеңес спикері Нұрланбек Шәкиев мемлекеттік тіл туралы заң қабылданғаннан кейін қырғыз тіліне деген көзқарас мүлдем өзгеруі керек деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Парламент отырысында Жоғарғы кеңес спикері Нұрланбек Шәкиев мемлекеттік тіл туралы заң қабылданғаннан кейін қырғыз тіліне деген көзқарас мүлдем өзгеруі керек деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, қырғыз тілін дамытуды балабақша мен бастауыш мектептен бастау керек.

"35 жыл бойы қырғыз тілі дамымай қалды. Мұны біз мойындауымыз керек. Тіпті көрші Қазақстанда 4-сыныпқа дейін тек қазақ тілінде сабақ береді, басқа тіл жоқ. Біз де осындай әрекеттерге көшуіміз керек. Тағы бір мәселе, "Ыйман" пәні енгізілгенде қырғыз және ағылшын тілдерінің әрқайсысына бір сағаттан қысқартылды. Неліктен қырғыз тіліне көзқарас осындай? басқа тілдерден қысқартуға болмас па еді?" - деді спикер.

Нұрланбек Шәкиев мемлекеттік қызметшілердің барлығы да қырғыз тілін білуі керегін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062310-qyrgyz-parlamentinde-balalardy-qazaqstannyn-ulgisimen-4-synypqa-deiin-tek-qyrgyz-tilinde-oqytu-usynyldy/

pixel