jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

49 млн теңге залал келтірген: Қарағанды тұрғыны киберқылмыс жасады деген күдікпен тергеліп жатыр

ҰҚК қызметкерлері күдіктінің мүлкін тәркілеу үстінде
ҰҚК қызметкерлері мен күдікті. Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікпен Қарағанды тұрғынын ұсталғанын, қазір сотқа дейінгі тегеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомство сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"2024 жылғы 30 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасауда күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады", - делінген ведомствоның хабарында.

Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынған.

"Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден астам", - дейді ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағында (Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұзу) қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

49 млн теңге залал келтірген: Қарағанды тұрғыны киберқылмыс жасады деген күдікпен тергеліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.