Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жыл сайын қанша жетім бала асырап алынады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Бала жетектеп бара жатқан әйел
Әйел мен бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі өкілі елде жылына қанша жетім бала отбасын табатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Басты міндеттердің бірі – балалардың отбасында өмір сүру және тәрбие алу құқығын қамтамасыз ету. Бүгінде 21 мың жетім баланың 17 600-і қазақстандық отбасыларда тәрбиеленіп жатыр.

Жыл сайын Қазақстан азаматтары мыңға жуық жетім баланы отбасына қабылдайды. Үш жылдың ішінде балалар үйінің саны 21 ұйымға қысқарды", - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, мәжіліс отырысында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаңа заң бойынша балаларды отбасынан алып қоюы мүмкін бе?" деген сауалға жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062398-qazaqstanda-zyl-saiyn-qansa-zetim-bala-asyrap-alynady/